Ғалымдардың есебінше, 2010-2019 жылдар аралығында әлем 3264 шаршы шақырым тропикалық орманнан айырылған. Орман-тоғайды, әсіресе тропиктік орманды отау бүкіл адамзат үшін экологиялық проблема болып табылады. Ғалымдар Амазонка бассейні ғана емес, планетаның басқа аймақтары да тау-кен өнеркәсібінен зардап шегіп жатқанын айтады. Қазбалы байлықты өндіру және ауыл шаруашылығы үшін, соның ішінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жайылым мен егістік алқабын ұлғайту орман-тоғайды отаудың басты себептеріне айналып отыр.
Бұдан бөлек, елді-мекендердің ұлғаюы мен инфрақұрылымның дамуы да орман-тоғайдың негізгі жауына айнналып үлгерген. Спутниктік суреттердің көмегімен шығынның басым бөлігі Индонезия, Бразилия, Гана және Сурин елдеріне тиесілі екенін анықтауға мүмкіндік туды. Мысалы, Индонезияда өнеркәсіптік шахталардың салынуына байланысты тропикалық ормандардың 60% дерлік оталған. Стефан Гилум есімді эколог планетаның ағаштармен қатар биологиялық әр алуандылығын, су көздерін жоғалтып жатқанын, есесіне қоршаған орта ластануы қарқын алғанын атап өтті.
Мұндай себептер көп. WWF есебіне сәйкес, орманнан заңсыз кесілген ағаштардың жартысы отын ретінде пайдаланылады.
Басқа себептер:
- Тұрғын үй салуға және урбанизацияға жер беру
- Қағаз, жиһаз және құрылыс материалдары сияқты өнімдерді өңдеу үшін ағашты алу
- Пальма майы сияқты нарықта сұранысқа ие ингредиенттерді бөлектеу үшін
- Малға орын босату үшін
Көп жағдайда ормандар өртенеді немесе кесіледі. Бұл әдістер жердің құнарсыз болып қалуына әкеледі.
Орман шаруашылығы мамандары кесуді «үлкен жанартау атқылауынан басқа табиғаты бойынша теңдесі жоқ экологиялық жарақат» деп атайды.
Орманды жағу жылдам немесе баяу техникамен жасалуы мүмкін. Өртенген ағаштардың күлі өсімдіктерге біраз уақыт азық береді. Топырақ таусылып, өсімдіктер жойылған кезде, фермерлер жай ғана басқа учаскеге көшіп, процесс қайтадан басталады.
Сонымен тропикалық ормандар - планетаның маңызды экожүйелерінің бірі, ормандардың жойылуы топырақ эрозиясына, флора мен фауна түрлерінің азаюына, үлкен аумақтардағы және жалпы планетадағы экологиялық тепе-теңдіктің өзгеруіне әкеледі.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через