Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының пандемия туралы баяндамасына сәйкес, әлем бойынша коронавирус жұқтыру төрттен бірге азайды, бірақ Азияның кейбір бөліктерінде өлім-жітім көбейген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҰҰ Денсаулық сақтау агенттігі өткен аптада COVID-19 жұқтырудың 5,4 миллион жаңа жағдайы тіркелгенін хабарлады. Бұл – алдыңғы аптаға қарағанда 24%-ға аз.
Коронавирусқа шалдыққандар саны әлем бойынша азайды, оның ішінде Африка мен Еуропада шамамен 40%-ға, Таяу Шығыста үштен бірге қысқарған.
Алайда, Тынық мұхитының Батыс бөлігі мен Оңтүстік-Шығыс Азияда коронавирустан болған өлім жағдайы 31% және 12%-ға көбейген.
ДДҰ Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирустан қайтыс болғандардың саны соңғы айда 35%-ға артқанын, өткен аптада 15 мың адам көз жұмғанын мәлімдеді.
фото news.myseldon.com
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через