фото: islam.kz
Ауаның ластануы адамзат үшін қауіп төндіретін өзекті мәселенің біріне айналды.
БҰҰ мәліметінше, әлем халының 90%-і лас ауамен тыныстайды. Үндістан астанасы Нью-Дели мен Пәкістанның Лахор қаласын күз бен қыс айларында көк түтін басуы қалыпты құбылысқа айналған. Салдарынан шаһар тұрғындарының дені ауруға шалдығып жатады.
Үндістан астанасы Нью-Делиді көк түтін тұмшалағанына бір аптадай болды. Ауаның ластануынан шаһардағы бастауыш сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды. Тұрғындардың тыныс алуы қиындап, дәрігердің көмегіне жүгінгендер көбейген. Билік болса тұрғындарға бетперде тағып жүруге кеңес беруден басқаға шара қолдануға дәрменсіз.
Пәкістандағы Лахор қаласы да түтіннен арылмай тұр. Шаһардағы ауа сапасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының белгілеген межесінен 70 есе асып кеткен. Мұнда да ауаның ластануына көлік пен шаруалардың күріш сабағын жағуы себеп.
Ал Қытай ғалымдары ауаның ластануымен күрестің кері жағы да бар деген пайымға келіп отыр. Себебі жергілікті биліктің мәселені шешуге бағытталған шаралардан атмосфераға күкірт диоксидінің таралуы 90%-ке азайып, ғаламдық жылынудың артуына әкелген. Салдарынан биыл Бейжіңде соңғы 10 жылда болмаған аптап ыстық тіркелген.
Қалай дегенмен ауаның ластануы – Жер шарына қауіп төндіріп тұрған өзекті мәселенің бірі. Өйткені лас ауадан жыл сайын дүниежүзінде 7 миллион адам көз жұмып, денсаулығы сыр береді екен.
Ақпарат дереккөзі: 24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через