Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) орта салмақтағы әлемнің «суперчемпионы» Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 КО) міндетті қарсылас белгіледі. Қазақстандық боксшы кубалық «қарапайым» чемпион Эрисланди Ларамен (29-3-3, 17 КО) жұдырықтасып, белбеуін қорғауы тиіс.
WBA өз ресурстарында жария еткендей, тараптарға келіссөз жүргізу үшін 15 күн беріледі. Мерзім 8 ақпанда басталып, 23 ақпанда аяқталады.
Егер боксшылар осы аралықта келісіп үлгермесе, промоутерлік сауда жарияланады.
Геннадий спорттағы мансабын аяқтап жатқан жоқ. Ол фанаттар үшін барлық мүмкіндіктер арасынан ең жарқын жекпе-жек табуға тырысуда. IBF белгілеген міндетті қарсылас Фалькаомен келіссөз мерзімі келесі аптаның соңында аяқталады. Бірақ Геннадий ол уақытқа дейін күтпеуді шешті. Бұл айқас ақыры іске аспайтын болғандықтан Геннадий титулды босатып, қысқа уақытта басқасын ұйымдастыру мүмкіндігін беруді шешті. Г.Головкиннің адвокаты Джон Хорневер.
Әуелде Головкин бразилиялық Эскива Фалькаоға қарсы айқасып, IBF титулын қорғауы тиіс еді, бірақ кеше GGG-дың бұл титулдан бас тартқаны белгілі болды.
Фото vesti.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через