Әлем чемпионатында топ жарған қазақ боксшылары Тоқаевқа сәлем жолдады

 Әлем чемпионатында топ жарған қазақ боксшылары Тоқаевқа сәлем жолдады

       Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады.

       "Бокстан әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектерін зор қызығушылықпен тамашаладым. Жеңіске деген ерік-жігер мен шынайы патриотизмнің жарқын үлгісін көрсеткен боксшыларымыз Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбайды шын жүректен құттықтаймын! 

       Қазақтың төрт жігіті – әлем чемпионы! – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

       Осыдан кейін Ташкентте өткен әлем чемпионатының финалына шыққан бес отандық боксшы Қазақстан президентіне сәлем жолдап, видео үндеу жасады.

       "Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, сізді алтын медальмен шын жүректен құттықтаймыз. Барша қазақ елі, бізге жанкүйер болғандарыңыз үшін рақмет. Алға Қазақстан", - деді олар.

       Еске сала кетсек, кеше, 13 мамырда қазақстандық спортшы Санжар Тәшкенбай әлем чемпионы атанса, Дулат Бекбауов күміс медаль еншіледі.

      Ал бүгін Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбай ел қоржынына алтын медаль салды.

       https://kaz.nur.kz/sport/