Алдағы үш күнде жаңбыр жауып, күн суытады - синоптиктер

Алдағы үш күнде жаңбыр жауып, күн суытады - синоптиктер
фото: 24.kz

22-24 тамыз күндері Қазақстанның басым бөлігінде атмосферада жақсы жылынған және тұрақсыз ауа массалары сақталып, жаңбыр жаууына себеп болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктер болжамынша, елдің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде найзағай жарқылдап, қатты жел соғып, бұршақ және жаңбыр жауады.

Республиканың солтүстігінде күндіз ауа температурасы +18...24 градусқа дейін төмендейді. Елдің қалған аумағында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болмайды.