Денсаулық сақтау министрлігінің болжамынша, тамыз айында қауіпті ауруды жұқтыратындар саны 4000-ға дейін жетуі мүмкін. Қазірдің өзінде Covid-19-ға шалдығып жатқандар қатары артып келеді.
Соңғы бір аптада Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қарағанды облысында жағдай ушығып тұр. Үш жылдан бері індетпен күресте біраз тәжірибе жинаған министрлік төсек-орынды, вакцинаны дайындап қойған.
Коронавирус елімізде қайта өршігелі елден маза қашты. Қайта нысандар жабылып, карантин жарияланады деген күдік те басым. Бірақ, Денсаулық сақтау министрлігі әзірге қатаң тәртәп мәселесін қарастырып жатқан жоқ. Қауіпті індетпен күресуді меңгерген қазақстандық дәрігерлер күн сайын сырқаттанушылық көрсеткішін бақылап, қай кезде ауру күшке енетінін болжап отыр. Тамыз айында науқастар көбеюі мүмкін. Пессимистік сценарийге сүйенсек, бір күнде 4000 адам вируспен күреседі. Ауруғандар көбейгенімен, ауруханаға жатқызылған науқастар саны аз. Қазір төсек-орын жүктемесі - 30 пайыз.
Аурудың өсуіне қарамастан, реанимациялық төсек-орын тек 8 пайызға қамтылған. Жансақтау бөлімдерінде 44 адам бар, оның ішінде реанимациялық науқастардың ең көп саны Нұр-Сұлтан қаласында - 24 науқас, Қызылорда облысында - 7 науқас байқалады. Стационарлық ем қабылдап жүргендердің ішінде де қан айналымы жүйесі, тыныс алу мүшелері бұзылған, қант диабеті және семіздікке шалдыққандар жетерлік. Айжан Есмағамбетова, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас санитар дәрігері
Министрлік соңғы кезде квиден көз жұмғандар туралы күнделікті статистиканы жариялап жүрген жоқ. Бұл шенеуніктердің сөзінше, өлім-жітімнің аз тіркелуімен байланысты. Соңғы алты айда қауіпті індет 785 отандасымыздың өмірін жалмаған.
Қазақстанда қазір Синофарм, Пфайзер, Казвакты қосқанда, 1,5 миллион доза екпе бар. Бұл қор қыркүйекке дейін жетеді. Ал күзде отандық вакцина өндірушілер тағы 500 доза қазақстандық препаратты керек жеріне жеткізіп бермек. Еліміз Covid-ке қарсы дәріні әзірге сатып алуға асықпайды. Өйткені, зерттеудің нақты нәтижесі жоқ.
Күзде шетелдік сарапшылар елімізге тағы келіп, отандық препаратты тану бойынша жұмыстарын жалғастырады. Омикронның мутациясы көп. Қазір «кентавр» деген түрі жер-жаһанды жайлап жайлап жатыр. Қазақстанда таралуы да мүмкін.
Фото: glas.ru, rus.azattyq-ruhy.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через