фото: medikom.ua
Альцгеймер — толық деменция арқылы көрінетін алжудың бір түрі. Аурудың негізінде кәрілік деменциясының басқа түрлеріне қарағанда үлкен ошағымен сипатталатын мидың, негізінен оның қыртысының диффузиялық атрофиясы жатыр.
Деменцияға қатысты ақпараттың жетіспеушілігі — әлі де шұғыл іс-қимылды қажет ететін проблема. Көп адамдар бұл ауруды қартаюдың қалыпты бөлігі деп қателеседі.
Альцгеймер ауруының ең маңызды қауіп факторы — жас. Альцгеймер ауруы бар пациенттердің көпшілігі 65 жаста. Дегенмен, ауру 65 жасқа толмаған адамдарда да кездеседі.
Альцгеймер қартаюдың қалыпты бөлігі емес екенін түсіну маңызды. Есте сақтау қабілетінің жоғалуы әдетте Альцгеймер ауруының алғашқы ескерту белгілерінің бірі саналады.
Аурудың бастапқы кезеңінде есте сақтау қабілетінің жоғалуынан басқа мынадай белгілер бар: адам таныс жерлерде жоғалуы мүмкін, ақшаны қайта есептеу, шот төлеу қиынға соғады, адам бір сұрақты бірнеше рет қояды, күнделікті тапсырмаларды орындау үшін ұзағырақ уақыт қажет, заттарды жоғалтады, көңіл-күй кенеттен өзгереді.
Сонымен қатар, маңызды қауіп факторлары — гипертония, жоғары холестерин (дислипидемия), атеросклероз, қант диабеті, семіздік, дұрыс тамақтанбау, отырықшы өмір салты, бас жарақаттары, дәрі-дәрмектер (седативті), темекі шегу, әсіресе пассивті темекі шегу, лас ауа, пестицидтер.
Деменцияны мүмкіндігінше ертерек анықтау және дәрілік емес емдеуді бастау өте маңызды. Бұл дәрі-дәрмектің басталуын 4,3 жылға кешіктіреді және емдеуге жатқызу мерзімі 4 есе қысқарады.
Симптомдарды ерте анықтау және қауіп факторларын бағалау үшін мамандар тобы Қазақстан үшін myMind тестін бейімдеді. Бұл халықаралық сауалнама кез келген адамға дәрігерге бару қажеттігін анықтай алады.
Дереккөз ҚазАқпарат.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через