Әйел жеті килограммдық сәби дүниеге әкелді

Әйел жеті килограммдық сәби дүниеге әкелді

               Sun басылымының хабарлауынша, 31 жастағы Черрала Митчелл жүктілікке қарсы спираль болғанына қарамастан аяғы ауыр болған. Әйел жүктілік кезінде іші үлкен болғанын, бірақ аса ауыр салмақ білінбегенін айтады. Ол дүниеге келген сәбиінің салмағын білгенде таңғалғанын жасырмайды. 

               "Балам бұндай үлкен болады деп ойламадым. Тіпті, ішімнің қай бөлігіне жасырынғанын да білмеймін", - деді Черпала.

               Әйелді кесарь арқылы босандыру үшін екі акушердің көмегі қажет болған. Өйткені нәресте соншалықты үлкен болады деп ешкім күткен жоқ.