фото: sputnik.kz
Аягөз ауданының оқушылары "ақылды" велосипед құрастырды. Ecobike деп аталатын инновациялық көлік электр қуатын өндіреді.
Өнертапқыш оқушылардың бұдан өзге де тың жобалары бар. Балалар "Экобайк" деп аталатын велосипедті бір айда құрастырды.
Ізденімпаз оқушылар мен қолдаушы ұстаздардың идеясы іске асты. Көлікті құрастыруға қосалқы бөлшектер қолданып, аккумулятор орнатқан.
"Бұл "Қалдықсыз мектеп" жобасы аясында жасалған құрылғы. Қосалқы бөлшектерден. Барлығы қолдан жасалды. Бұл жерде генератор. Арнайы генераторға диод қойылып, сол арқылы заряд беріледі. Оқушылар 15 минут үзіліс кезінде бұл жерде уақытын өткізе алады. Генератор арқылы 220 Вт тоқ беріледі. Соткаларын зярядтауға болады", - дейді еңбек пәнінің мұғалімі Берік Ысқақов.
Сонымен қатар өнертапқыш оқушылар зағип жандарға арналған электронды таяқ жасады. Мүмкіндігі шектеулі адамның алдынан кедергі шықса, құрылғы бірден белгі береді.
"Зағип жандардың жарақат алуын алдын алады. Яғни, кедергілерді көріп сигнал береді", - дейді мектепоқушысыЕралы Ыбыраев.
Көзі нашар көретін жандар бұл таяққа қызығушылық танытып отыр. Енді жобаның авторы құлағы нашар еститін жандар үшін вибрациялық белгі беретін құрылғы жасауды жоспарлап отыр.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через