фото: korenovsk-rc
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2025 жылға қарай адамзаттың тең жартысы аллергияға шалдығуы мүмкін деп санайды. Ал сарапшылар алдағы 100 жылда бұл індет одан бетер асқынып кетеді деп отыр.
Әлемдегі адамдардың 30 пайызы аллергияға шалдыққан. Көз қышып, жас ағызып, мұрынды бітеп, жөтелдіре беретін түрі кеңінен таралған. Бұған шаң, үй жануарлары, шыбын-шіркейдің тістегені, тамақ немесе дәрі-дәрмек себеп. Бірақ көп жағдайда өсімдіктің әсері жоғары. Мұны ғылымда поллиноз деп атайды.
Германияда өсімдік тудырған аллергия
Өсімдік аллергиясы Германия тұрғындарының 15 пайызын мазалап жүр. Бұл арнайы орталықтың мәліметі. Аллергендердің таралуына климат өзгерісі де әсер етеді. Әсіресе желмен тозаңданатын ағаштар, дәнді және арамшөптер гүлдегенде қиын. Германияның Денсаулық сақтау министрлігі аллергиямен күресу үшін арнайы іс-шаралар жоспарын қабылдаған.
Тамақ өршіткен аллергия
Тамақ та аллергия тудырады. Соңғы дерекке сүйенсек, әлемде 250 миллион адамға ас жақпайды. Еуропада 17 миллион тұрғынның өсімдікке аллергиясы бар. Ал АҚШ-та одан 2 есе көп. Бұдан басқа бұл індет Канадада кең таралған. Химиялық қоспалар мен өзгертілген гендер тамақтың табиғи қалпын бұзады. Тұқым қуалаушылық та бар.
АҚШ-та дәрі-дәрмекке аллергия
Жаһан жұртының 20 пайызының ағзасы дәрі-дәрмектің әсерін көтере алмайды. Бұл көрсеткіш дамыған елдерде жоғары. Дәрі-дәрмекті шамадан тыс керексіз қолдану аллергияға шалдықтырады. Мұндайлар АҚШ, Қытай мен Жапонияда көп кездеседі.
Аллергияның пайда болу себептері
Аллергияның пайда болу себебі туралы әзірге тұрақты тұжырым жоқ. Бірақ бірнеше ғылыми теория бар. Көп жағдайда гигиенаны қатты ұстану бала ағзасының қорғаныс қабілетін бұзады. Иммундық жүйе бактериялардың қауіпті-қауіпсізін айыра алмай қалады. Екінші себеп - Д дәрумені жетіспейді. Үйкүшікке айналған адамдар күн сәулесінен тарайтын бұл витаминге қатты зәру. Мамандар алдағы 10 жылда аллергияға шалдығатын адамдардың, әсіресе, балалардың күрт көбейетінін ескертеді.
Дереккөз 24.kz. Фото korenovsk-rc
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через