Адамды ақылды етер тағамдар

Адамды ақылды етер тағамдар

       Кей тағам мен сусын адамның миын "өлтіреді". Ал кейбірі керісінше ми жұмысын жақсартып, есте сақтау мен когнитивті ойлау жүйесін күшейтеді.

       Ендеше сондай тағамдардың кейбіріне тоқталайық.

       Балық. Балықтың ішінде лосось атты түрінде Омега-3 қышқылының мол қоры болады. Ол ми жұмысы мен жүрек жұмысын жақсартатын қабілетке ие. Ағзада Омега-3 азайып кетсе, адамның есте сақтауы нашарлайды, көңіл-күйі түсіп, шаршаңқы күйге түседі. Тунец пен палтус балығында да Омега-3 көп болады.

       Жаңғақ. Ми жұмысын жақсартумен бірге көңіл-күйді тұрақтандырады. Жаңғақта Е дәрумені мол. Ол мидың когнитивті қызметін жақсартады. Жаңғақта да Омега-3-ке тиесілі түрлі қышқылдардың мол қоры жинақталған. Жаңғақ баланың да, ересек жандардың да есте сақтауын жақсартады.

       Жасыл шөп. Орамжапырақ пен шпинат, басқа да жасыл шөп санатына жататын өсімдіктерде Е мен К дәруменінің, темір мен кальций, фолий қышқылының мол қоры бар. Ересек не егде жасқа жеткен кісілерге жасыл шөптер жеудің пайдасы мол. Ол да мидың когнитивті қызметін жақсаруға көмектеседі.

       Қаражидек. Қаражидектің құрамындағы антиоксиданттар ағзада еркін радикалдарға айналып, ағзада күйзелістің жинақталуын болдырмайды. Ал бұл өз кезегінде ми ерте қартаюдан сақтайды. Қаражидек есте сақтауды жақсартады әрі естен тану, ес жоғалтудың алдын алады.

       massaget.kz