Адам қанша жасқа дейін өмір сүруге қабілетті?

Адам қанша жасқа дейін өмір сүруге қабілетті?
фото: https://massaget.kz

Адам қанша жасқа дейін өмір сүруге қабілетті?

ХХІ ғасырдың соңына қарай адамзаттың өмір сүру ұзақтығы 130 жылға дейін жетуі мүмкін. Ал жалпы адамның өзі денсаулығын күтіп ұстаса, 180 жасқа дейін жасай алады. Мұны Монреаль университетінің ғалымдары есептеп шығарды.

Ғалымдардың болжауынша, медицинаның дамуына байланысты 2100 жылдың соңына қарай 110 жастан асқан адамдардың саны біршама өсуі мүмкін. Қазірдің өзінде әлемде 110 жастан асқан 12 адам бар. Тіпті, қарттардың кейбірі 130 жасқа дейін жасауы мүмкін. Әзірше 122 жасқа жеткен  әлемде  бір-ақ адам бар. Ол – Жанна Кальман есімді француз қариясы. 1997 жылы қайтыс болған.  

Алайда зерттеу авторы, математика ғылымдарының кандидаты Лео Бельзильдің айтуынша, қарттардың көбеюі қоғамға біршама қиындық пен проблемалар әкелуі мүмкін. Әсіресе, елдің экономикалық өсімі мен әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне салмақ түсіруі ықтимал. Қарттарға медициналық көмек көрсету мен зейнетақы төлеу, қарттардың көбеюіне байланысты салық төлеуші адамдардың азаюы сынды проблемалар шықпақ.

Сондай-ақ, 100-ден асқан қарттардың денсаулығын сақтап қалу үшін біршама тер төгу керек.

"Адам 50 жасқа толғаннан кейін өлім құшу мүмкіндігі екі есе артады. Бірақ 80-ге таяу баялайды да, 110 жасқа жеткен кезде күрт көбейеді. Бұл жасқа жеткен қарияның келесі жылы өлім құшу мүмкіндігі 50 пайызға тең. Ал ғасыр соңына таяу 50 пайызға тең мүмкіндік 130-180 жастағы қарияларда болуы ықтимал", - дейді Оңтүстік Калифорния университетінің профессоры Эйлин Кримминс.

Мәтіндегі ақпарат туралы