Қазақсатанда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты.
«Республикамызда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Соңғы екі аптада сырқаттанудың төмендегені байқалады. Тәулігіне COVID-19-ға ПТР-дің оң нәтижесімен 120 жағдайға дейін және COVID-19-ға ПТР-дің теріс нәтижесімен 10 жағдайға дейін тіркеліп отыр. Алдыңғы аптамен салыстырғанда соңғы аптада сыртқаттану көрсеткіші 1,7 есе төмендеді», - деді Айжан Есмағамбетова Орталық сайлау комиссиясы отырысында.
Вице-министрдің атап өтуінше, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, республика және барлық өңірлер жасыл аймақта тұр.
Сонымен қатар, 7 өңірде (Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау облыстары) R көрсеткіші бірден жоғары.
«Осыған байланысты бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына сәйкес R көрсеткіші бірден жоғары болған кезде адам көп жиналатын орындарда маска тағу ұсынылатынын еске саламын», - деді Айжан Есмағамбетова.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото: qazaly.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через