Әуесқой бокста Қазақстан құрамасының капитаны болған Абылайхан Жүсіпов профи-рингтегі келесі жекпе-жегін биылғы қараша айында АҚШ-та өткізеді.
«Американың Миннеаполис қаласындағы «Арморей» аренада 5 қарашада өтетін Айдос Ербосынұлы мен Дэвид Морелл жекпе-жегінің андеркардында тағы бір боксшымыз – Абылайхан Жүсіпов өнер көрсетеді. Бұл оның кәсіпқой бокстағы екінші айқасы. Спортшымызға сәттілік тілейміз», - деп келтірілген боксшы командасының сөздері «Қазақстанның кәсіпқой боксы» Instagram-парақшасында.
Әуесқой бокста әлем чемпионатының үш мәрте қола медалін жеңіп алған А.Жүсіпов қазіргі уақытта А.Ербосынұлымен бірге АҚШ-қа келіп, жекпе-жекке дайындалып жатыр.
А.Ербосынұлы (16-0, 11КО) мен Д.Моррелл (7-0, 6КО) WBA нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы «тұрақты» әлем чемпионы атағы үшін айқасады.
Фото: exk.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через