Ташкент қаласында дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында Әбиба Абужақынова қола жүлдегер атанды.
Ә.Абужақынова 48 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін бәсекеде чилилік Мари Де Варгас Леймен татамиге шықты.
Белдесу өте тартысты өтіп, қосымша уақытта чилилік дзюдошы үшінші ескерту алып, жеңіс Әбибаға берілді.
Алғашқы белдесулерін сәтті өткізген Әбиба жартылай финалда жапониялық Нацуми Цунадеге есе жіберген еді.
Осылайша, Ә.Абужақынова қазақ қыздары арасынан алғаш рет әлем чемпионатының жүлдегері атанды. Бұған дейін Қазақстан атынан күрескен Фамилиясында Отгонцэцэг Галбадрах дүниежүзілік додада жүлдеге қол жеткізген еді.
Әбибаның биылғы жетістіктері өте жақсы. Ол биыл Астанада өткен Азия чемпитонатының күміс медаліне ие болған еді. Сондай-ақ Ұлан-Батырда өткен Grand Slam турнирінде жүлдегер атанды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ дзюдодан әлем чемпионатында Елдос Сметов ширек финалда сүрінді.
Елдос қола жүлде үшін күреседі.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через