30 мұғалімге 1 миллион теңгеден беріледі

30 мұғалімге 1 миллион теңгеден беріледі

30 мұғалімге 1 миллион теңгеден беріледі

  «Barine Bilim» шағын гранттар жобасы бойынша «National Teacher Prize Kazakhstan – «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығы» қайырымдылық жобасын іске асыру аясында конкурстық комиссия «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығына өтініш берген 30 мұғалімді іріктеп алды.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының хабарлауынша, енді әрқайсының мектебінде 1 миллион теңге мөлшерінде шағын грант беріледі.

Жобаның негізі мақсаты – шағын гранттар жобасын іске асыру арқылы оқушылардың жан-жақты дамуы және жаһандық азаматтықты дамыту, Қазақстанның жалпы білім беретін оқу орындарына жағдай жасау арқылы «Қазақстан мұғалімі-2021» ұлттық сыйлығына қатысушы мұғалімдерді қолдау және оларға көмек көрсету.  Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорының төрағасы Ермек Мажитовтың айтуынша, шалғай және ауылдық   жерлердегі  мектеп  ұстаздарына  ерекше  көңіл  бөлінеді.

«Грант қаражатын бөлудің астарында тікелей ақшалай сыйақы емес, белгілі бір әлеуметтік жобаларды біріктіру мақсаты тұр. Яғни мұғалім өз мектебін қолдау үшін ұйымдастырушылармен бірге қандай да бір жобаға бастамашылық етеді. Бұл сыртқы немесе ішкі көгалдандыру, кітапхана қорын, мұғалімнің  жұмыс  орнын (кабинетін) жақсарту болуы мүмкін», деді ол.

Жеңімпаздар тізіміне Алматы, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақмола, Маңғыстау, Қарағанды және Ақтөбе облыстары ауыл мектептерінің мұғалімдері енді.

Айта кетейік, жобаны Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының көмегімен «Natural Energy» қоғамдық қоры жүзеге асырып жатыр.

 

 

 

Мәтіндегі ақпарат туралы