Темірлан Тілеулес таеквондодан Азия ойындарының тарихи алтынын жеңіп алды

Темірлан Тілеулес таеквондодан Азия ойындарының тарихи алтынын жеңіп алды

фото: Алматы әкімдігі

Тамирлан Тілеулес тұғырдың ең биік сатысына көтерілген алғашқы қазақстандық таеквондошы атанды

 

Алматылық спортшы Темірлан Тілеулес жазғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алған алғашқы қазақстандық таеквондошы атанды. Ол Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында тарихи нәтижеге қол жеткізді. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлады "Сапалы Қазақстан" порталы. 

58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Тамирлан Филиппин өкілі Курт Брайан Барбозамен кездесті. Тартысты жекпе-жекте жеңіске жеткен алматылық спортшы Қазақстан таеквондосының тарихына өз есімін жазды.

Фото: Алматы әкімдігі.

Алтын медальға апарар жол оңай болған жоқ

 Алғашқы белдесуінде Тамирлан Оман спортшысын жеңді. Ширек финалда Иран өкілі, әлем чемпионы Аболфазл Зандиді ұтса, жартылай финалда Оңтүстік Корея спортшысы Ан Хянсиктен 2:1 есебімен басым түсті.

Бұған дейін қазақстандық таеквондошылар Азия ойындарының финалына үш рет шыққанымен, күміс жүлдемен шектелген еді. 

Тамирлан Тілеулес тұғырдың ең биік сатысына көтерілген алғашқы қазақстандық таеквондошы атанды.

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз