Франциядағы бүліктен келген шығын көлемі 1,2 млрд еуроға жеткен

Франциядағы бүліктен келген шығын көлемі 1,2 млрд еуроға жеткен

фото: https://pixabay.com/

Шерулердің ел экономикасына қаншалықты ауыр болғаны жайлы деректер тарап жатыр.

Morningstar DBRS рейтингтік агенттігінің бағалауынша, тонау мен қирату салдарынан келген шығын қазірдің өзінде 1,2 млрд еуроға жеткен.

Шығын көлемі орасан зор болғанымен, Morningstar DBRS агенттігінің сақтандыру жөніндегі бөлімінің басшысы Маркос Альварес "ірі сақтандыру компаниялары қаржылық салмақты еңсере алады" деп есептейді.

– Егер бұдан былай зорлық-зомбылық әрекеттері қайталанбаса, Франциядағы соңғы тәртіпсіздіктер елдің ірі сақтандыру компанияларының қаржылық нәтижелеріне әсер ететін оқиға болады деп күтеміз. Десе де, бұл олардың капиталына айтарлықтай ықпал етпейді, – деді ол.

Дерек көзі: https://inbusiness.kz

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!

Сондай-ақ оқыңыз

Жазылу
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз