Баянтаудан Алатауға:бабалар мұрасы

Баянтаудан Алатауға:бабалар мұрасы

фото: https://www.muftyat.kz/ru

       Қазақтың рухани мұрасын түгендеп, ұлт тұлғаларының өнегелі өмірін ұрпаққа таныту мақсатында 6 қараша күні Алматыдағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Ертіс бойының жауһарлары» атты көшпелі көрме мен «Баянтаудан Алатауға: рух сабақтастығы» атты республикалық ғылыми-мәдени конференция өтеді. Шараны Павлодар облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі ұйымдастырады.

       Сағат 10:30-да ашылатын көрмеде Абай Құнанбайұлының алғашқы жыр кітабы, Мәшһүр Жүсіптің тұмары, Шәкен Аймановтың «Алдаркөсе» фильмінде киген бөркі және Жүсіпбек Аймауытов, Иса Байзақов, Кәукен Кенжетаев, Мұзафар Әлімбаев сынды көрнекті тұлғалардың жеке заттары таныстырылады. Бұл жәдігерлер – Ертіс-Баян өңірінің бай тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін құнды мұралар.

       Ал сағат 11-де басталатын конференцияға белгілі ғалымдар, әдебиет пен өнер қайраткерлерінің ұрпақтары және зиялы қауым өкілдері қатысады. Басқосу аясында екі жаңа кітаптың тұсауы кесіледі.

       Бірі – Алаш қайраткері Қартқожа Тоғанбаевтың өмірі мен қызметіне арналған «Қартқожа Тоғанбаев» атты зерттеу жинағы. Екіншісі – халық ауыз әдебиетінің мұрасын жинаушы Кенжетай Аймановтың өлеңдері мен аңыз-хикаяларын, қисса-шежірелерін қамтыған «Күретамыр» кітабы. Екі еңбек те мерейтойларға орай жарық көріп отыр.

       Алматыда өтетін бұл тағылымды шара Ертіс-Баян өңірінен шыққан ұлт тұлғаларының мұрасын кеңінен танытып, тарихи жады мен рухани сабақтастықты жаңғыртуға мүмкіндік береді.

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!

Сондай-ақ оқыңыз

Жазылу
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз