Атырауда иттердің өлексесі көмусіз қалған

Атырауда иттердің өлексесі көмусіз қалған

фото: https://pixabay.com/

Қазіргі уақытта өлекселерді кім әкелгені туралы нақты ақпарат жоқ

Атырауда иттердің өлексесі қазылған шұңқырда көмусіз жатқаны түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Жағдай жұртшылықтың алаңдаушылығын туғызды.

Видео авторының айтуынша, өлекселер мал қорымының маңында жатыр. Атырау қаласының әкімдігі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.

"Аталған аумақ тазартылып, тиісті шаралар қабылданды. Жағдай бақылауға алынды", – деп хабарлады қала әкімдігі.

Ведомствоның мәліметінше, өлекселерді аталған аумаққа кім әкеліп тастағаны әзірге белгісіз.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Сондай-ақ оқыңыз

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз