Алматыда «Almaty Puppet Festival – 2026» IV халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі өтеді

Алматыда «Almaty Puppet Festival – 2026» IV халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі өтеді

фото: Алматы әкімдігі

2026 жылы 21-24 қазан аралығында Алматыда «Almaty Puppet Festival – 2026» IV халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі өтеді. Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры ұйымдастыратын халықаралық өнер додасына 11 елден 14 театр ұжымы қатысады, деп хабарлайды "Сапалы Қазақстан" порталы. 

Төртінші рет ұйымдастырылып отырған фестивальге Қазақстан, Түркия, Ресей, Италия, Франция, Иран, Молдова, Әзірбайжан, Грузия, Өзбекстан және Қырғызстанның театр ұжымдары жиналады.

21 қазанда баспасөз конференциясы мен фестивальдің ресми ашылу салтанаты өтеді. Алғашқы күні көрермендер Тегеранның (Иран) «Deemak» театрының «Маршмэллоу» және Ыстанбұлдағы (Түркия) Кемал Фатих Полаттың «Карагёз» театрының «Әлем жұлдыздарының шоуы» спектакльдерін тамашалай алады. Сондай-ақ, М. Жангазиев атындағы Қырғыз мемлекеттік қуыршақ театры «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» спектаклін ұсынады.

22 қазанда Өзбекстанның Ферғана облыстық қуыршақ театры «Чемодан» спектаклін, Кишиневтегі (Молдова) «Izvorașul Vesel» қуыршақ театры «Теңбілді ханшайым» қойылымын, ал Астана қаласы әкімдігінің Қуыршақ театры «Қағазды жаңбыры» спектаклін көрсетеді. Әзірбайжанның Гянджа мемлекеттік қуыршақ театры «Етік киген мысық» қойылымын ұсынса, Озургетидегі (Грузия) Александр Цуцунава атындағы мемлекеттік кәсіби драма театры «Ит» спектаклін сахналайды. Сол күні фестиваль бағдарламасы аясында Мемлекеттік академиялық қуыршақ театрының «TAZA.KZ» қойылымы да көрермен назарына ұсынылады.

23 қазанда Флоренциядағы (Италия) халықаралық театр орталығы «Жұлдызды жаңбыр» спектаклін көрсетеді.  Татарстан Республикасындағы (Ресей) «Экият» татар мемлекеттік академиялық қуыршақ театры «Адәмнәр» қойылымын, Қ. Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры «Алқызыл гүл» спектаклін, ал Екатеринбургтің «Тохот» театры «Аңдар детективі» қойылымын ұсынады.

24 қазанда Париждегі (Франция) «Le Soleil des Abysses» театры «Рамаяна» спектаклін, ал Қостанай облыстық қуыршақ театры «Жындының жазбалары» қойылымын сахналайды. Сонымен қатар фестиваль аясында режиссер, профессор Құралай Ешмұратованың «Қуыршақ театры: дәстүрден заманауи өнерге дейін» тақырыбында шеберлік сабағы өтеді.

Фестиваль спектакльдерін отандық және шетелдік театр өнері мамандарынан құралған кәсіби қазылар алқасы бағалайды.

Байланыс телефондары:
Гүлім: +7 775 628 2848
Мәдина: +7 708 510 6889

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!

Сондай-ақ оқыңыз

Жазылу
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз