19 жастағы қызметкер 15 млн теңгенің тауарын ұрлаған

19 жастағы қызметкер 15 млн теңгенің тауарын ұрлаған

фото: pixabay.com

Тауарларды беру пунктінің 19 жастағы қызметкері 14,9 млн теңгеден астам сомадағы тауарларды ұрлағаны үшін сотталды.  Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Қызметкер маркетплейс қосымшасы арқылы түрлі тауарларға, атап айтқанда, алтын бұйымдарға, киім-кешекке, азық-түлікке және басқа да тауарларға тапсырыс рәсімдеген.

Тауарларды алған кезде оларды жасырын түрде иемденіп, орнына басқа заттарды қайтару немесе қоймаға өзге заттарды өткізу арқылы тауарларды ауыстырып отырған.

19 жастағы қызметкер 14,9 млн теңгенің тауарын ұрлаған

Фото: Kazinform/ЖИ

Мәселен, құны 182 мың теңге болатын алтын сырғаларға тапсырыс беріп, оларды әшекей бұйымдарға ауыстырып, сатушыға қайтарған.

Барлығы 14,9 млн теңгеден астам сомаға 195 тауарды ұрлаған.

Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді.

Сот үкімімен оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Жәбірленушінің келтірілген залалды өтеу туралы азаматтық талабы қанағаттандырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Сондай-ақ оқыңыз

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз