Ұлытау үні -- Алатау төрінде

Ұлытау үні -- Алатау төрінде

фото: Standard.kz

       Ұлытаудың өнері мен әуезі Алматы төрінде шырқалмақ.

       16 қыркүйек күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің концерт залында «Ұлытау үні – Алатау төрінде» атты ерекше концерт өтеді. Өнер кеші сағат 19:00-де басталады.

       Бұл — Ұлытау өңірінің дәстүрлі өнерін, ұлттық музыкалық мұрасын Алматы көрерменіне таныстыратын тағылымды кеш. Сахнада дәстүрлі ән мен күй орындалып қана қоймай, ұлттық әуен мен заманауи музыканың үндестігі де көрініс табады.

       Кешке елге танымал өнерпаздар қатысады. Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Береке Көшенов пен Ғалым Мұхамедин, дәстүрлі әншілер Қайрат Әбеуов, Ардақ Мұқышов, Зәуре Омарова өнер көрсетеді. Сонымен бірге «Алтын Орда» ұлттық аспаптар ансамблі мен «JEZZ acoustic» тобы сахнаға шығады.

       Ұлытаудың үніне құлақ түріп, қазақтың қоңыр әні мен күмбірлеген күйін бірге тыңдағыңыз келсе, бұл кешті жіберіп алмаңыздар. Жақсыны көрмекке — 16 қыркүйек күні Алматыдағы Құрманғазы атындағы концерт залына келіңіздер!

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз