Қаламгерге мүмкіндік: қала туралы үздік роман ізделеді

Қаламгерге мүмкіндік: қала туралы үздік роман ізделеді

фото: Qalamger.kz

       Қалам ұстаған жандарға өз шығармашылығын танытып, жаңа есімдерді әдеби ортаға шығаруға мүмкіндік беретін проза байқауы жарияланды.

       Байқау қала өмірін көркем шығарма арқылы бейнелейтін авторларды қолдауға бағытталған. Қатысушылар қала мәдениеті, адам тағдыры, қоғамдағы өзгерістер, ұлттық болмыс пен заманауи құндылықтардың сабақтастығын өз туындыларына арқау ете алады.

       Байқауға Қазақстан азаматтары қатыса алады. Негізгі талап – бұрын еш жерде жарияланбаған, қала тақырыбындағы роман ұсыну. Шығарма көлемі кемінде он авторлық баспа табақ болуы керек. Бір автор байқауға бір ғана туындысын жолдай алады.

       Өтінімдер бірінші қыркүйектен отыз бірінші желтоқсанға дейін «qolzhazba.bookfund.kz» сайты арқылы қабылданады.

       Ал жүлделі орындарға ие болған үздік шығармалар он бес мың данамен басылып, еліміздің кітапханаларына таратылады. Бұл – тың туындылардың жарыққа шығып, жаңа қаламгерлердің оқырманға жол табуына берілген үлкен мүмкіндік.

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз