Кофені күніне қанша мөлшерде ішсе, сүйекке зиян келмейді

Кофені күніне қанша мөлшерде ішсе, сүйекке зиян келмейді

фото: pixabay.com

"Кофе ағзадағы кальцийді азайтып, сүйекті жұқартады" деген ақпарат тарап жүр. Сондықтан эспрессо не капучино ішкен сайын "зияны тиіп жүрмесе екен" деп алаңдайтындар да бар. 

Жуырда ғалымдар 53 ғылыми зерттеудің нәтижесін саралап, кофеиннің сүйекке шын мәнінде қалай әсер ететінін анықтады, - деп хабарлайды 

Ғалымдар қандай қорытындыға келді?

Nutrients журналында жарияланған зерттеу кофеиннің сүйекке әсері оның қанша мөлшерде ішілетініне байланысты екенін көрсетті.

Ғалымдардың айтуынша, күніне 1-3 кесе кофе ішу сүйекке айтарлықтай зиян келтірмейді. Тіпті кей жағдайда пайдасы да болуы мүмкін. Өйткені кофедегі антиоксиданттар ағзадағы қабынуды азайтып, сүйек саулығына оң әсер етеді.

Ал кофе мөлшері көбейген сайын кері әсері байқала бастайды. Күніне 4-5 кеседен артық немесе 400 миллиграмнан көп кофеин ішу сүйек жасушаларының қалпына келуін баяулатып, сүйектің минералдық құрамын әлсіретуі және кальцийдің ағзадан көбірек шығарылуына әсер етуі мүмкін.

Фото: pixabay.com

Кофені сүйекке зиян келтірмей ішудің 3 жолы

Кофеден бас тартудың қажеті жоқ. Тек мөлшерін біліп ішкен жөн:

  • Шамадан асырмаңыз: көпшілік ересек адам үшін күніне 2-3 кесе кофе ішу қауіпсіз мөлшер саналады.
  • Сүт қосып ішіңіз: кофе ағзадан кальцийдің өте аз мөлшерінің шығуына әсер етуі мүмкін. Бір-екі қасық сүт немесе кілегей осының орнын толтыруға көмектеседі.
  • Ас мәзіріңізге мән беріңіз: сүйекке кофеден гөрі кальций мен D дәруменінің жетіспеуі көбірек зиян. Күнделікті тағамда сүт өнімдері, ірімшік, күнжіт пен көк шөп жеткілікті болса, бірнеше кесе кофе сүйекке айтарлықтай қауіп төндірмейді.

 

Ақпарат Тengri Life сайтынан алынды. 

 

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз