Каирдегі әлем кубогі

Каирдегі әлем кубогі

фото: elordainfo.kz

       Мысыр астанасы Каирде нысана көздеуден әлем кубогінің кезекті кезеңі өтеді. Халықаралық жарысқа әлемнің 50 елінен 378 спортшы қатысады.

       Дүбірлі додада Қазақстан құрамасының намысын Никита Чирюкин, Кирилл Федькин және Артемий Кабаков қорғайды.

       Отандастарымыз 25 метр қашықтықтағы жылдам атылатын тапаншамен оқ ату сайысында бақ сынайды. Бұл – мергеннің дәлдігі мен шапшаңдығын қатар сынға салатын маңызды бәсеке.

       Әлем кубогінің Каирдегі кезеңі 8 қазаннан 16 қазанға дейін жалғасады. Осы аралықта спортшылар жүлделі орындар үшін тартысқа түседі.

       Қазақстандық мергендерге дәлдік пен сәттілік серік болып, ел намысын абыроймен қорғауына тілектеспіз!

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз