Еліміз цифрландыру бағыты бойынша көш бастап тұр

Еліміз цифрландыру бағыты бойынша көш бастап тұр

фото: freepik.com

Қазақстан  электронды үкімет жұмысы мен жаппай цифрландырудан әлем бойынша алдыңғы қатарда десек болады.

2024 жылғы БҰҰ рейтингінде Қазақстан 193 елдің ішінде 24-орында болды. Ал онлайн мемлекеттік қызметтер бойынша әлемде 10-орынды иеленді.

Қазақстан  осы көрсеткіш бойынша көптеген елдерден озып тұр.

Қазақстанда цифрландыру бірнеше кезеңмен жүргізілді деп айтуға болады.

2000 жыл — «электрондық үкіметті» қалыптастырудың алғашқы қадамдары басталды.

2004–2005 жылдар — электрондық үкіметтің негізгі инфрақұрылымы қалыптаса бастады.

2013 жыл — «Ақпараттық Қазақстан – 2020» бағдарламасы қабылданды.

2017 жыл — цифрландыруды жаппай дамытуға бағытталған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Ол 2018–2022 жылдары ол  іске асырылды.

2020 жылдан кейін — цифрлық қызметтер, онлайн банкинг, электрондық құжаттар және мемлекеттік онлайн қызметтер өте жылдам кеңейді.

2026 жыл — Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланды.

Сондықтан, егер «Қазақстанда жаппай цифрландыру нақты қашан басталды?» десек, 2017–2018 жылдарды негізгі кезең деп айтуға болады.

Қазақстанды цифрландырудың негізгі мақсаты — технологияны жай енгізу емес, мемлекеттің жұмысын тиімді ету, экономиканы дамыту және халықтың өмірін жеңілдету.

Қарапайым тілмен айтқанда, мақсаттары:

Мемлекеттік қызметтерді жеңілдету — құжат, анықтама, төлем сияқты қызметтерді онлайн алу.

Экономиканы дамыту — бизнес пен өндірістің өнімділігін арттыру, жаңа цифрлық кәсіптер құру.

Халықтың өмір сапасын жақсарту — медицина, білім, әлеуметтік қызметтерді ыңғайлы ету.

Интернет пен цифрлық инфрақұрылымды дамыту, соның ішінде ауылдарды жоғары жылдамдықты интернетпен қамту.

Жасанды интеллект пен жаңа технологияларды енгізу

Киберқауіпсіздікті күшейту және деректерді қорғау — бұл 2023–2029 жылдарға арналған мемлекеттік тұжырымдаманың да маңызды бағыты.

Бүгінгі таңда қай салалар цифрландырылды

Қазақстанда цифрландыру іс жүзінде барлық негізгі салаға енгізілуде: ала Мемлекеттік басқару, eGov, электронды қызметтер, ЖИ,қаржы және банк,

онлайн төлем, цифрлық теңге, биометрия, антифрод, денсаулық сақтау, электронды медициналық деректер, цифрлық медицина, білім беру, электронды жүйелер, онлайн оқыту, ауыл шаруашылығы, спутник, дрон, смарт-ферма, дәлме-дәл егіншілік, өнеркәсіп автоматтандыру, роботтар, IoT, көлік, ақылды жолдар, логистика, көлік мониторингі, энергетика, энергияны басқару, автоматтандыру, қалалар «Smart City», қауіпсіздік, көлік, экология, ТКШ, су, жылу, газ, электр жүйелерін цифрлық бақылау, сауда және бизнес, онлайн сауда, касса, төлем, қойма автоматтандыруы, киберқауіпсіздік, деректерді қорғау, алаяқтықпен күрес цифрландырылған.

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз