Бүгін Қытайда Азия сапа желісінің конгресі ашылды

Бүгін Қытайда Азия сапа желісінің конгресі ашылды

фото: cvpt.ru

Бүгін Қытайдың Чэнду қаласында 24-ші Азия сапа желісінің конгресі (ANQ Congress 2026) ашылды. Аталған жиынға қазақстандық КОКИМ ұйымы қатысып жатыр, деп хабарлоайды «Сапалы Қазақстан» порталы.

 Бүгін Қытайдың Чэнду қаласында 24-ші Азия сапа желісінің конгресі (ANQ Congress 2026) ашылды. Аталған жиынға қазақстандық КОКИМ ұйымы қатысып жатыр, деп хабарлоайды «Сапалы Қазақстан» порталы.

Азия сапа желісі (ANQ) басқарушы органдарының жұмыс сессиялары  басталды. Қазақстан KOKИM ұйымын Директорлар кеңесінің отырысында тікелей және онлайн түрде таныстырады.

 Анықтама:

КОКИМ – Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес жұмыс істейтін коммерциялық емес, үкіметтік емес қоғамдық ұйым. Қауымдастықтың мақсаты – әртүрлі мемлекеттік ұйымдардың, ірі, орта және шағын бизнес басшыларының және мамандардың күш-жігерін біріктіріп, сапа менеджменті мен бизнестің үздік үлгілерін сәтті қолдану арқылы өмір сүру сапасын жақсарту.

Ертең, 16 қыркүйекте, 24-ші ANQ конгресінің ресми отырысы басталады. Биылғы жылдың негізгі тақырыбы - «Азия мен әлемді біріктіру: сапа арқылы тұрақты болашақ құру». Аймақ бойынша сарапшылар, ғалымдар және сала жетекшілері цифрландыру дәуіріндегі сапа менеджменті стандарттарын, жасанды интеллект технологияларының интеграциясын және қоршаған ортаға қатысты мәселелерді талқылайды.

 Конгресс жайлы толық ақпаратты алдағы уақытта жариялаймыз.

Айта кетсек, Азия сапа желісінің (ANQ) 23-ші конгресі 2025 жылдың 3–7 қарашасы аралығында Үндістанның Бенгалуру қаласында өткен. Былтыр іс-шараны ANQ Басқармасының мүшесі — Үндістанның сапа қоғамы (Indian Society for Quality) ұйымдастырған еді.

Бұл — ANQ конгресінің Үндістанда үшінші рет өткізілуі (алдыңғылары 2004 және 2010 жылдары өткен).

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз