«Ажарлы Алматы» – өнер төрінде

«Ажарлы Алматы» – өнер төрінде

фото: qrnews.kz

       Алматының көркем келбеті кәсіби суретшілердің шығармашылығынан көрініс тапты. Қалада алғаш рет ұйымдастырылған «Ажарлы Алматы» республикалық байқауы өз мәресіне жетті.

       Еліміздің әр өңірінен келген суретшілер 168 туынды ұсынып, оның 109-ы байқаудың екінші кезеңіне жолдама алған. Жалпы жүлде қоры 10,5 миллион теңгені құрады.

       Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде мен бірінші орын Нұрболат Асқарға бұйырды. Екінші және үшінші орындарды өзге де талантты суретшілер иеленді.

       Жеңімпаздар 16 қыркүйекте Алматы Галереясында марапатталып, үздік жұмыстар қойылған қорытынды көрме ашылды. Оны 23 қыркүйекке дейін Достық даңғылы, 44 мекенжайынан тамашалауға болады.

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз