11, 12 және 16 қыркүйек күндері сағат 18:30-да Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романының желісімен сахналанған «АҚБІЛЕК. ТҮС.» спектаклі қойылады. Бұл – Ғабит Мүсірепов атндағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының 81-маусымындағы басты премьералардың бірі.
Қойылымды башқұрт режиссері Айрат Абушахманов сахналаған. Ол Ресейдің беделді «Алтын маска» театр сыйлығының лауреаты. Ал спектакльдің сахналық шешімінде заманауи режиссерлік ізденіс пен ұлттық шығарманың өзегі тоғысады.
«Ақбілек» – алмағайып заманда тағдыры аласапыранға түскен жас қыздың хикаясы. Алтайдың тыныштығын соғыс дүбірі бұзып, Мамырбайдың жалғыз қызы Ақбілек жау қолына түседі. Осы сәттен бастап оның өмірі мүлде басқа арнаға бұрылады.
Бір шығарма арқылы дәуірдің қатпарлы шындығын, адам тағдырын және төзімнің қуатын танытатын спектакль өнерсүйер қауымға жол тартады. «АҚБІЛЕК. ТҮС.» – 11, 12 және 16 қыркүйек, сағат 18:30-да.