Бір күнде бір өлең жаттау қиын ба, әлді оңай ма? Сіз 10 күнде 10 өлең жаттай аласыз ба? Осыған тырысып көрдіңіз бе?
Жазғы демалыс уақытында елімізде ерекше байқау өтті. 100 күнге созылған шығармашылық додада қатысушылар қазақ поэзиясының жауһарларын жаттап, мәнерлеп оқып, сөз өнеріне деген құрметін танытты.
100 күнде 100 өлең жаттау алынбайтын асу емес екен. Астана қаласында орналасқан орта мектеп директоры Айгүл Базарбайқызы "100 күнде 100 өлең" республикалық байқауында оза шауып, бас жүлдені қанжығасына байлады, деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Фото: gov.kz
"Assyltas" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен байқауға еліміздің әр өңірінен 3000-нан астам қатысуға ниет білдірді.
Астана қаласынан қатысқан №107 жалпы орта мектебінің директоры Айгүл Базарбайқызы 100 күн ішінде 100 өлең жаттап, өз білімін есте сақтау қабілетін және поэзияға деген сүйіспеншілігін көрсетті.
Нәтижесінде елордалық директор байқаудың бас жүлдесін жеңіп алып, автокөлік иегері атанды.