Оқушыларға арналған пайдалы әрі тегін жеті қолданба

Оқушыларға арналған пайдалы әрі тегін жеті қолданба

фото: pixabay.com

Жазғы демалыс аяқталып, жаңа оқу жылы жақындаған сайын мектепке дайындық қыза түседі. Бүгінде смартфон тек ойын-сауық құралы емес, оқу үдерісін жеңілдететін сенімді көмекшіге айналды. Конспект жазу, есеп шығару, шет тілін меңгеру, үйге берілген тапсырманы орындау және уақытты тиімді жоспарлау –  мұның барлығын смартфондағы тегін қосымшалардың көмегімен жеңілдетуге болады. baribar.kz жаңа оқу жылында оқушыларға пайдасы тиетін 10 тегін қолданбаны ұсынады.

Microsoft Lens

Сабаққта тақтадағы жазуды немесе сыныптас дәптерін қолмен көшіріп жазуға уақыт кетірудің қажеті жоқ.

Бұл қолданба тақтадағы жазуларды, қолмен жазылған конспектілерді немесе кітап беттерін суретке түсіріп, сапалы PDF немесе Word форматына айналдырып береді.

Notion

Қалың дәптерлер мен әртүрлі блокноттарды тасып жүру қажеті азайып келеді.

Мұнда әр пәнге жеке бөлім ашып, дәріс конспектілерін сақтауға, тапсырмалар тізімін жазып отыруға, сабақ кестесін құруға және емтиханға дайындық жоспарын жүйелеуге болады.

Quizlet

Кез келген пән бойынша жаңа сөздерді, анықтамаларды, формулалар мен ережелерді жылдам жаттауға арналған қолданба.

Интерактив флеш-карталар, тесттер және ойын түріндегі жаттығулар арқылы білімді бекітуге көмектеседі.

Duolingo

Ағылшын, неміс, француз және басқа да тілдерді нөлден бастап меңгеруге болатын ең танымал сервистердің бірі. Бұдан бөлек, қолданбада шахмат негіздерін де үйренуге болады.

Күн сайын 10–15 минут бөлу арқылы сөздік қорды кеңейтіп, грамматиканы жеңіл меңгертеді.

Khan Academy

Толығымен тегін әрі жарнамасыз жұмыс істейтін халықаралық білім беру платформасы.

Физика, химия, биология, бағдарламалау және математика пәндерінен видеосабақтар мен тәжірибе тапсырмалары жинақталған.

Canva for Education

Сынып алдында қорғалатын жобаларды қағазға сызбай-ақ, кәсіби деңгейде әзірлеуге болады.

Презентациялар, инфографикалар, баяндама мұқабалары мен ғылыми жобаларға арналған мыңдаған дайын шаблон ұсынады.

Forest

Телефонға жиі алаңдайтын оқушыларға арналған ерекше қолданба.

Сабақ оқып отырған кезде таймер қосылады. Осы уақыт ішінде әлжелілерге кірмесеңіз, экранда виртуал ағаш өседі. Телефон қолдансаңыз, ағаш қурап қалады.

Бұл әдіс сабаққа зейін қоюға және уақытты тиімді пайдалануға көмектеседі.

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз