Бибісара Асаубаева әлемнің үздік шахматшысын жеңді

Бибісара Асаубаева әлемнің үздік шахматшысын жеңді

фото: pexels.com

АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өтіп жатқан Cairns Cup 2026 халықаралық шахмат супертурнирінің төртінші турында Бибісара Асаубаева алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы baribar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Ол ақ тастармен ойнап, FIDE рейтиңінде 12-орында тұрған Швейцария өкілі Александра Костенюкті жеңді.

Алғашқы үш тур тең аяқталған

Турнирдің алғашқы кезеңдерінде Бибісара Асаубаева үш рет қатарынан тең нәтиже тіркеген болатын.

  • І тур – Украина өкілі Анна Музычукпен тең түсті;
  • ІІ тур – Үндістандық Вайшали Рамешбабумен ұпай бөлісті;
  • ІІІ тур – АҚШ шахматшысы Элис Лимен тең ойнады.

Төртінші турдағы жеңіс қазақстандық спортшыға турнирлік кестедегі жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді.

Асаубаева көшбасшылар қатарында

Төрт турдан кейінгі турнир кестесінде:

  1. Тань Чжунъи (Қытай) – 3,5 ұпай;
  2. Бибісара Асаубаева (Қазақстан) – 2,5 ұпай;
  3. Дивья Дешмукх (Үндістан) – 2,5 ұпай;
  4. Ставрула Цолакиду (Грекия) – 2,5 ұпай;
  5. Элис Ли (АҚШ) – 2,5 ұпай.

Айта кетейік, Cairns Cup 2026 турнирінің жалпы жүлде қоры 250 мың АҚШ доллары болады.

 

Ақпарат baribar.kz сайтынан алынды. 

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз