Құрылтай депутаттарының сайлауы өтетін күні Астана қаласының қоғамдық көлігінде жол жүру тегін болады. Бұл туралы City Transportation Systems (CTS) компаниясы мәлімдеді.
CTS мәліметінше, бұл шара азаматтардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасауға және сайлау учаскелерінің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Тегін жол жүру келесі бағыттарда қолданылады:
- Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінде;
- қалалық бағдарларда;
- экспресс-бағдарларда;
- қала маңындағы бағдарларда.
Жолаушылардан сапарларын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеру сұралады.
Құрылтай сайлауы
Еске сала кетейік, Құрылтай сайлауы (Қазақстанның бірпалаталы Парламенті) 23 тамызға белгіленген. Сайлауға 7 саяси партия қатысады, олардың тізімінде 546 кандидат бар.
Бірпалаталы Парламентке көшу конституциялық реформаның негізгі бөліктерінің бірі болды. Жаңа Конституция жобасында Құрылтай құрамына 145 депутат кіретіні, ал олардың өкілеттік мерзімі 5 жыл болатыны қарастырылған.
https://kaz.tengrinews.kz/