Круизге сұраныс рекорд жаңартты

Круизге сұраныс рекорд жаңартты

фото: Pexels https://kaz.inform.kz/

       Жаз мезгілі – саяхаттың қызатын шағы. Биыл әлемде теңіз круиздеріне қызығушылық бұрын-соңды болмаған деңгейге жетіп, круиздік туризм жаңа рекорд орнатты.

       Халықаралық круиздік компаниялар қауымдастығының мәліметінше, 2025 жылы круиздік саяхатқа шыққан жолаушылар саны 37 миллионнан асып, сала тарихындағы ең жоғары көрсеткіш тіркелді. Сарапшылар бұл үрдіс алдағы жылдары да сақталып, 2026 жылы көрсеткіш 38 миллионнан, ал 2029 жылға қарай 42 миллионнан асады деп болжайды.

       Мамандардың айтуынша, экономикалық тұрақсыздық пен геосаяси тәуекелдерге қарамастан, адамдар жаңа әсер сыйлайтын саяхаттан бас тартқысы келмейді. Көпшілік басқа шығындарын қысқартып, демалысқа қаржы бөлуді жөн көреді.

       Круиздік компаниялар табысының басым бөлігін билеттен емес, кемедегі қосымша қызметтерден табады. Экскурсиялар, мейрамханалар, СПА қызметтері, ойын-сауық бағдарламалары мен өзге де сервистер олардың негізгі кіріс көздерінің біріне айналған.

      Әлемдегі ең ірі круиз нарығы әлі де АҚШ саналады. Өткен жылы америкалықтар 20,6 миллион круиздік саяхат жасаған. Германия да көшбасшылар қатарында. 2025 жылы бұл ел тұрғындары теңіз круизіне шамамен 3 миллион рет шығып, көрсеткіш бір жылда шамамен 10 пайызға өсті.

       Сонымен қатар сала жаңа міндеттермен де бетпе-бет келіп отыр. Компаниялар халықаралық жағдайға байланысты бағыттарын өзгертіп, экологиялық талаптарға сай жаңа буындағы кемелер мен баламалы отын түрлеріне инвестиция салуда.

      https://kaz.inform.kz/

       

       

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз