Инфекциялық ауруханаларға қатаң талаптар қойылған

Инфекциялық ауруханаларға қатаң талаптар қойылған

фото: pexels.com

Инфекциялық ауруханалар мен медициналық ұйымдардың инфекциялық бөлімшелері инфекциялық аурулардың таралуының алдын алуда маңызды рөл атқарады. 

 Алматы қаласындағы инфекциялық ауруханалар мен бөлімшелерді ұстауға  қандай санитариялық-эпидемиологиялық талаптар қойылған. Бұл сұраққа Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы - Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қасымхан Алпысбайұлы жауап берді. 

Медициналық мекемелерді күтіп-ұстау және пайдалану ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

 Инфекциялық ауруханалардың жұмысын ұйымдастырудың негізгі мақсаты -ауруханаішілік инфекциялардың таралуына жол бермеу және пациенттердің, медицина қызметкерлерінің әрі келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

 Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес инфекциялық ауруханалар мен бөлімшелерде мыналар қамтамасыз етілуі тиіс:

 - үй-жайларды «таза» және «жұқпалы» аймақтарға бөлу қағидатын сақтау;

 - әртүрлі инфекциялық аурулары бар пациенттерді емдеуге арналған оқшауланған палаталардың (оның ішінде бокс және жартылай бокс палаталарының) болуы;

 - желдету, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі және жарықтандыру жүйелерінің жұмыс істеуі;

 - үй-жайларға, жабдықтарға және медициналық бұйымдарға ағымдағы және қорытынды дезинфекцияны тұрақты жүргізу;

 - медициналық қалдықтарды белгіленген талаптарға сәйкес қауіпсіз жинау, уақытша сақтау және шығару;

 - медициналық көмек көрсету кезінде персоналдың жеке бас гигиенасы қағидаларын сақтауы және жеке қорғаныш құралдарын пайдалануы;

 - санитариялық-эпидемияға қарсы режимнің сақталуына өндірістік бақылауды жүзеге асыру.

 Пациенттерді уақтылы оқшаулауды, пациенттер мен персоналдың қозғалыс маршруттарын сақтауды, дезинфекциялық іс-шараларды жүргізуді, сондай-ақ үй-жайлар мен жабдықтардың санитариялық өңделу сапасын бақылауды қамтитын эпидемияға қарсы режимді ұйымдастыруға ерекше назар аударылады.

 Медициналық ұйымдарда санитариялық заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, персоналды инфекциялық қауіпсіздік мәселелері бойынша оқыту және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың орындалуына тұрақты бақылау жүргізу қажет.

 Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялардың профилактикасының, пациенттер мен медицина қызметкерлерінің денсаулығын сақтаудың, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылады.

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз