Алматылық СЭС кәсіпкерлермен ашық диалог орнатты

Алматылық СЭС кәсіпкерлермен ашық диалог орнатты

фото: Сапалы Қазақстан

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының тапсырмасымен кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесудің басты мақсаты - кәсіпкерлермен ашық диалог орнату, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау, заңнама жаңашылықтарын түсіндіру, проблемалық мәселелерді талқылау.

Фото: Сапалы Қазақстан

Туындаған сұрақтарды бірден талқылап, жедел жауап беру мақсатында кездесуге пркуратура, әкімдік, кәсіпкерлер палатасы және рестораторлар ассоциациясының өкілдері шақырылды.

Департамент басшысының орынбасары Әсел Тоқанқызы Қалықова тамақтан уланудың себептері мен оның алдын алу туралы баяндама жасап, нақты мысалдар келтірді.

Бұдан бөлек Әсел Тоқанқызы цифрлық жаңашылықтармен бөлісіп, «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» ақпараттық жүйесімен жұмыс жасау тәртібін түсіндірді.

Фото: Сапалы Қазақстан

Сондай-ақ заңсыз сауда орындары бойынша талқылау жасалып, аталған орындардағы азық-түлік тағамдарының адам денсаулығына қаншалықты зиян келтіретіні туралы айтылды.
Кездесу барысында кәсіпкерлер бірқатар сұрақтарды көтеріп, проблемалық мәселелерді шешу бойынша талқылау жүргізіп, пікір алмасты.

Аталған іс-шаралар алдағы уақытта жалғасады, себебі мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасында сенімді байланыс орнатуға, Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға мүмкіндік береді.

 

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз