Қазақстанның май өңдеу саласы соңғы жылдары экспорттағы ең қарқынды дамып келе жатқан бағыттардың біріне айналды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ел күнбағыс майын экспорттау көлемінен әлемде 6-орынға көтерілсе, Қытай нарығында 2-орынға шықты.
– 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан күнбағыс майын экспорттау бойынша әлемде 6-орынға және Қытай нарығында 2-орынға шықты. Бүгінде қазақстандық май өнімдері әлемнің 20-дан астам еліне экспортталады. Негізгі нарықтар қатарында Қытай, Орталық Азия мемлекеттері мен Еуропалық одақ елдері бар, – деді QazTrade басқарушы директоры Айнұр Әмірбекова.
Сала өкілдерінің мәліметінше, соңғы екі жылда Қазақстан Өзбекстан мен Тәжікстанға өсімдік майын жеткізуде көшбасшыға айналған. Бұл елдердегі импорттың 90 пайыздан астамы қазақстандық өнім.
Сонымен қатар еліміз күнбағыс шротымен Орталық Азия нарығын толық қамтамасыз етіп, Еуроодаққа жеткізуші негізгі үш елдің қатарына енген.
https://kaz.inform.kz/