Гуйян рингіндегі үміт

Гуйян рингіндегі үміт

фото: 1bol.kz

       Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының екінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасының үш боксшысы шаршы алаңға шығады. Былғары қолғап шеберлері ел намысын қорғап, келесі кезең жолдамасы үшін бақ сынамақ.

       Күндізгі сессияда алғашқылардың бірі болып 60 келі салмақтағы Серік Теміржанов өнер көрсетеді. Ол АҚШ өкілі Салим Еллис Беймен кездеседі.     Бұл жекпе жек жарыстың сегізден бір финалдық кезеңінде өтеді.

       Одан кейін 70 келі салмақта тәжірибелі боксшы Абылайхан Жүсіпов рингке көтеріледі. Оның қарсыласы — Бразилия спортшысы Кайан Рейес. Жанкүйерлер бұл кездесуден де тартысты бәсеке күтеді.

       Кешкі сессияда қазақстандық жанкүйерлердің назары Сабыржан Аққалықовқа ауады. 80 келі салмақта сынға түсетін отандасымыз әлем чемпионы, өзбекстандық Жавохир Умматалиевпен қолғап түйістіреді. Бұл күннің ең қызықты әрі тартысты кездесулерінің бірі болғалы тұр.

       Күні кеше 16 маусымда Қазақстан құрамасынан алты боксшы шаршы алаңға шыққан болатын. Соның төртеуі жарысты әрі қарай жалғастыру мүмкіндігіне ие болса, екі спортшы қарсыластарына жол берді. Ал бүгін ел құрамасының қоржынына тағы да жеңісті нәтижелер түседі деген сенім мол.

       Жалпы, Қазақстан құрамасы биылғы маусымды табысты бастап келеді. Сәуір айында Бразилия мемлекеттінде өткен Әлем кубогында ұлттық құрама үш алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алып, үздік үштіктен көрінген еді. Ал Әлем кубогының финалдық кезеңі қараша айында Өзбекстанда өтеді. Әзірге жарыстың нақты өтетін күні мен қабылдайтын қаласы ресми түрде жарияланған жоқ. Біз қазақстандық былғары қолғап шеберлеріне сәттілік тілейміз.

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз