Ет жемейтін, құрметті қонағы келсе ет аспайтын қазақ жоқ. Бұл өнімнің бағасы ай сайын қымбаттап жатса да тартынып жатқанымыз жоқ. Бір асар етімізді қонаққа деп сақтап қоятын әдетіміз тағы бар.
Жалпы еттің бағасы өссе кімге пайдалы?
Соңғы кездері еттің қымбаттауы ауылға пайдалы дейтіндер көбейді. Шындығында, солай ма? Мал бағасы көтеріліп, еттің құны артса да, ауыл жұрты сол баяғы жұпыны қалпында, деп жазады abai.kz. Мал бағып, езуінен ақ май ағып жүрген ешкім жоқ. Жыл он екі ай жанға тыным бермейтін төрт түлік өсіргендер қанша жерден дәулет жиса да, қалалық кәсіпкерлермен иық теңестіре алмайды. Неліктен?
Дегенмен, белгілі ғалым Төлеутай Рахимбеков ет бағасын екі есе арзандатуға болады дейді. Оны қалай жүзеге асыруға болатыны жөнінде тәжірибесімен бөлісті.