Шахматшы Алуа Нұрман FIDE әлемдік рейтингісінде үздік үштікке енді

Шахматшы Алуа Нұрман FIDE әлемдік рейтингісінде үздік үштікке енді

фото: sports.kz

Қазақстандық шахматшы Алуа Нұрман мен Әмина Қайырбекова FIDE жасөспірімдер арасындағы әйелдер арасындағы жаңартылған әлемдік рейтингінің алғашқы ондығына енді, деп хабарлайды sports.kz.  

Фото: Alua_nurman

19 жастағы Нұрман 2 443,0 ұпаймен әлемдік рейтингіде 2-орында тұр, деп жазды inbusiness.kz. Кейінгі 12 айда Алуа керемет серпіліс жасап, 14 сатыға көтерілді. Отандасымыз Delta +105,0 ұпайға өсті. Қазіргі уақытта ол қазіргі көшбасшы ресейлік Анна Шухманның басты бәсекелесі саналады және қытайлық Лу Миаоиді басып озды. 

Ал Қайырбекова 2 374,0 ұпай жинап, әлемдік рейтингіде 9-орынға жайғасқан. Ол соңғы кезеңде 12 ұпай қосып, бір сатыға көтерілді.

Әлемдегі ең үздік 5 жасөспірім спортшы қыздар:

1. Анна Шухман (Ресей) — 2 456,4 

2. Алуа Нұрман (Қазақстан) — 2 443,0

3. Лу Мяойи (Қытай) — 2 438,0

4. Афруза Хамдамова (Өзбекстан) — 2 423,0

5. Элис Ли (АҚШ) — 2 415,0 

Ақпарат inbusiness.kz сайтынан алынды. 

Жазылу