Қазақ қыздары құрлық чемпионатында сенсация жасады

Қазақ қыздары құрлық чемпионатында сенсация жасады

фото: https://24.kz

       Бес бұрымды боксшымыз алтынға таласады

       Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты қызу жалғасып жатыр. Құрлық додасына Азияның бірнеше елінен жиналған жас былғары қолғап шеберлері өзара мықтыны анықтауда. Бүгін өткен жартылай финалдық кездесулердің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының бес бірдей аруы финалға жолдама алып, ел жанкүйерлерін зор қуанышқа бөледі.

       Жарыс барысында қазақ қыздары жоғары дайындықтарын, мықты мінездері мен техникалық шеберліктерін көрсетті. Әр кездесу тартысты өтіп, қарсыластар арасында тәжірибелі спортшылар да болды. Соған қарамастан, отандастарымыз сенімді өнер көрсетіп, шешуші кезеңге дейін жетті.

       Енді финалда қазақстандық боксшы қыздар құрлық чемпионы атағы үшін шаршы алаңға шығады. Жанкүйерлер жас спортшылардан алтын медаль күтіп отыр. Мамандардың айтуынша, бүгінгі нәтиже еліміздегі әйелдер боксының қарқынды дамып келе жатқанын аңғартады.

Жазылу