Деректі фильмдер ел өңірлерін аралайды

Деректі фильмдер ел өңірлерін аралайды

фото: TRK Documentary https://kaz.inform.kz

       Астана қаласында 2026 жылғы 21 мамыр күні Қазақстан Республикасы Президенті телерадиокешенінің 30 жылдығына арналған республикалық кинолекторий басталады.

       Мерейтойлық жоба аясында Президент телерадиокешенінің Деректі кино орталығы әзірлеген 30-дан астам авторлық деректі фильм еліміздің 20 қаласында көрермен назарына ұсынылады. Ауқымды мәдени-ағартушылық іс-шара барлық облыс орталықтарын қамтып, 25 қыркүйекте Алматы қаласында өз мәресіне жетеді.

       Кинолекторийдің негізгі мақсаты – көрерменді Президент телерадиокешенінің деректі кино өндірісіндегі үздік жобаларымен таныстыру. Фильмдер Мемлекет басшысының қызметі, еліміздің қазіргі заман тарихы және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтиды.

       Бағдарламаға классикалық деректі туындылармен қатар заманауи форматтағы қысқаметражды және вертикалды фильмдер де енгізілген. Жалпы саны 30-дан астам деректі шығарма көрерменге ұсынылады.

       Кинотуындылар еліміздегі ауқымды реформалар мен өзгерістерді ғана емес, қарапайым азаматтардың тағдыры мен өмір жолын да қамтып, Қазақстанның заманауи шежіресін бейнелейді.

       Көрсетілімдер өңірлердегі кинотеатрларда өтеді. Сонымен қатар іс-шара аясында шығармашылық топпен кездесулер, талқылаулар және жастарға арналған дәрістер ұйымдастырылады.

      Жоба облыс әкімдіктерімен бірлесіп жүзеге асырылуда. Көрермендер үшін кіру тегін. Көрсетілім кестесі мен толық бағдарлама Президент телерадиокешенінің ресми ресурстарында жарияланатын болады.

       https://kaz.inform.kz/
 



 

Жазылу