Астанада Жеңіс күніне орай қандай іс-шаралар өтеді

Астанада Жеңіс күніне орай қандай іс-шаралар өтеді

фото: www.gov.kz

       Астанада Жеңіс күніне орай 9 мамырда мазмұнды мерекелік бағдарлама өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтарына арнап концерттер, спектакльдер, көше акциялары, көрмелер мен патриоттық бастамалар ұйымдастырылады. Мерекелік іс-шаралар қаланың әртүрлі аумағында өтіп, мәдени, әлеуметтік және білім беру бағыттарын қамтиды. 

       8 мамырда сағат 11:00-де "Нұрлы жол" теміржол вокзалында Жеңіс күніне арналған тақырыптық көрме ашылады. Елорданың мемлекеттік архиві «Ерлік дастаны» тарихи-құжаттық көрмесін және тыл еңбеккерлеріне арналған материалдар экспозициясын ұсынады.

       Сол күні сағат 19:00-де Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда «Ерлік дастаны» мерекелік концерті өтеді. Сонымен қатар сағат 19:00-де М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры көрерменге «Әлия» спектаклін ұсынады. 

       9 мамырда сағат 12:00-де Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры алдында мерекелік концерт ұйымдастырылады. Сондай-ақ дәл осы уақытта Қалалық алаңда эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді. Кешкі сағат 18:00-де Әзірбайжан Мәмбетов театрында «Ар адамы – Бауыржан» қойылымы көрсетіледі. 

       Сонымен қатар Музыкалық жас көрермен театры сахнасында «Мәншүк» спектаклі қойылады. Осы күні сағат 18:00-де Амфитеатр аумағында мерекелік концерт өтеді. Ал Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ ұлттық музыкалық-драма театрында «Жеңіс күні» концерті ұйымдастырылады. Сонымен қатар Жеңіс күніне орай елорда ардагерлеріне дәстүрлі түрде біржолғы әлеуметтік төлемдер берілді.

       Төлемдер Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы №84/10-VIII шешімімен бекітілген әлеуметтік көмек көрсету қағидалары негізінде жүзеге асырылады. Осыған сәйкес, Астанадағы Ұлы Отан соғысының ардагеріне 5 миллион теңге көлемінде төлем жасалды.

       https://24.kz/kz/

 

Жазылу