10 елге қауіп төніп тұр
Африкада Эбола вирусының таралуы күшейіп келеді. Ең күрделі жағдай Конго демократиялық республикасында тіркеліп отыр. Билік науқастар мен көз жұмғандар санының күрт артқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BILD.
Aфрика одағы денсаулық сақтау органдары Эбола вирусының таралу қаупі өңірдегі кемінде он ел үшін сақталып отырғанын ескертті.
Конго үкіметінің мәліметінше, елдің шығыс бөлігінде Эбола вирусын жұқтырды деген күдікпен 867 жағдай тіркелген.
Көз жұмғандар саны 204 адамға жеткен.
Инфекцияның таралу қаупі Оңтүстік Судан, Руанда, Кения, Танзания, Эфиопия, Бурунди, Ангола, Орталық Африка республикасы мен Замбия мемлекеттеріне төніп тұр.
Мамандар қазіргі індеттің сирек кездесетін Бундибугио штамымен байланысты екенін айтып отыр.
Бұл вирус түрі алғаш рет 2007 жылы анықталған.
Қазірге дейін Эболаның осы нұсқасына қарсы ресми түрде мақұлданған вакцина немесе арнайы емдеу тәсілі жоқ.
Дәрігерлердің мәліметінше, аталған штамды жұқтырған науқастар арасындағы өлім-жітім деңгейі 30–50 пайызға дейін жетуі мүмкін.
Сарапшылар Эбола вирусының таралу жолы коронавирустан өзгеше екенін атап өтті.
Инфекция ауа арқылы оңай таралмайды.
Вирусты жұқтыру қаупі негізінен науқастың қаны немесе басқа да биологиялық сұйықтықтарымен тікелей байланыс кезінде артады.
Осыған дейін ДСҰ Эболаның әлемде таралу қаупін бағалаған болатын.
Дерек көзі:https://kaz.inform.kz