Қазақ дәстүрін ойын арқылы танытқан оқушы финалға жолдама алды

Қазақ дәстүрін ойын арқылы танытқан оқушы финалға жолдама алды

фото: : видеодан салынған скрин https://kaz.inform.kz

       Ақтаулық оқушы Есбол Азан қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін насихаттайтын «SARDAR» атты 3D бейнеойын әзірлеп, 830 қатысушы бақ сынаған ұлттық AI-жобалар байқауының финалына жолдама алды.

       Жас IT маманы бұл туралы «Jibek Joly» телеарнасының «Bugin Live» бағдарламасында мәлім етті.

       Оның айтуынша, ойынның негізгі сюжеті қазақтың бай мәдениеті мен тарихын таныстыруға бағытталған. Жоба қазіргі жас буынның бойында патриоттық сезімді қалыптастырып, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыруды көздейді.

       – Менің ойымша, өте тиімді. Қазіргі таңда мен өзімнің үйдегі інімнен де, басқа балалардан да байқап жүрмін: олар ойынға қызығып ойнай отырып, қазақтың мәдениетін де үйрене алады, – деді Есбол.

       Сондай-ақ ол жобаның балаларға арналған нұсқасы әзірленіп, ал болашақта ересектерге арналған кеңейтілген нұсқасын шығару жоспарланып отырғанын жеткізді.

       https://kaz.inform.kz

Жазылу