Қар барысы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының тұмарына айналды

Қар барысы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының тұмарына айналды

фото: Кабар/kaz.inform.kz

Қар барысы биылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми тұмары ретінде таңдалды, деп хабарлайды Кабар.

Көшпенділер ойындары биыл Қырғызстанда өтеді және әртүрлі елден қатысушылар жиналады. Бағдарламаға спорттық, мәдени және ғылыми іс-шаралар кіреді.

Қырғыздардың қар барысын таңдауы кездейсоқ емес. Бұл елдің табиғаты және мәдениетімен тығыз байланысты.

ДКО хатшылығы тұмар ойындардың рухын, күштің үйлесімін, әлемге ашықтықты және дәстүрге берілгендікті жеткізетінін атап өтті. Ол ақпараттық және шығармашылық материалдарда белсенді түрде қолданылатын болады.

Фото: pexels.com.

Айта кетейік, көшпенділер ойындарының ашылуы Бішкектегі «Бішкек Арена» стадионында өтеді. Негізгі іс-шаралар Ыстықкөлде жоспарланған. Биыл ойынға 100-ден астам елден 3000-нан астам спортшы қатысады. Бағдарламаға этноспорттың 43 түрі, сондай-ақ мәдени және ғылыми оқиғалар кіреді.

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойынының ресми бағдарламасына қазақтың көкпары енді. Бұл туралы «Қазақстан Көкпар Федерациясының» президенті Айдарбек Қожаназаров хабарлады.

2024 жылы Қазақстан көкпардан Көшпенділер ойынының чемпионы болған еді.

Материал kaz.inform.kz сайтынан алынды. 

Жазылу