Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істегіңіз келе ме?

Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істегіңіз келе ме?

фото: pexels.com

Қазақстан азаматтары Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат алуы мүмкін. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазір EPS жүйесін қосу үшін жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл шетел азаматтарына кадр тапшылығы бар салаларда ресми түрде еңбек етуге мүмкіндік беретін жоба. 

Қазір мемлекетаралық келісу кезеңі аяқталып, EPS орталықтарын ашу жұмыстары басталды. Егер бұл жүйеге сәтті қосылсақ, Қазақстан азаматтарының еңбек құқықтары қорғалып, әлеуметтік кепілдіктер беріледі, заңсыз миграциясы азаяды. 

Кореядағы ең тиімді жұмыс орындары қандай?

Медицина және денсаулық сақтау: тиімді салалар

1.Мамандану 

2.Орташа жылдық жалақы (миллион вон)    

 3.2027 жылға дейін сұраныстың өсуі болжамы


1.Кардиохирург 170-230   2.  ($140,000-190,000)    3.  +12%
1.Ортопед   140-180         2.   ($115,000-150,000)    3.   +14%
1.Нейрохирург  60-220    2. ($135,000-185,000)        3.  +10%
Биомедициналық зерттеуші 

1.   110-150    2.  ($90,000-125,000)      3.  +25%

Оңтүстік Кореяда 52 сағаттық ереже деген не?

Апталық жұмыс шегі: 52 сағат.

40 сағаттық жұмыс аптасына қарамастан, Оңтүстік Кореяның еңбек заңнамасы жұмысшыларға аптасына жұмыс уақытының жалпы саны 52-ден аспаған жағдайда заңды бұзбай күніне 8 сағаттан артық жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл жүйе бизнеске икемділік береді.

    Оңтүстік Кореядан бөлек, Біріккен Араб Әмірліктерімен, Сауд Арабиясы, Жапония және бірқатар Еуропа елдерімен де осы бағытта келіссөздер жүргізіліп жатыр. Ал Катар елімен 2025 жылдан бастап ортақ меморандум бар.

Жазылу