Алматы сахнасында -- Аймауытов театрының айшықты гастролі

Алматы сахнасында -- Аймауытов театрының айшықты гастролі

фото: Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

       Алматы қаласында Павлодар облыстық Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының гастрольдік сапары өтіп жатыр. Өнер ұжымы қойылымдарын Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры сахнасында сахналап жатыр.

 

       Гастроль аясында бүгін, сәуірдің 9-ы күні кешкі сағат 18:30-да көрермендер «Балам, қашан келесің?..» драмасын тамашалай алады. Бұл – ата-ана мен бала арасындағы сағыныш пен тағдырлы байланыс жайлы жүрекке әсерлі қойылым.

       Ал ертең, сәуірдің 10-ы күні балалар мен ересектерге арналған «Джудит жасаған қиын таңдау» спектакль-шоуы үш уақытқа жоспарланған: сағат 10:00, 14:00 және 18:30-да. Ерекше форматтағы бұл қойылым көрерменге тың әсер мен жарқын эмоция сыйламақ.

       Павлодарлық театрдың Алматыдағы гастролі – қала тұрғындары мен қонақтары үшін үлкен мәдени тарту. Аймауытов театрының шебер әртістері мен мазмұнды қойылымдары көрерменді терең ойға жетелеп, рухани әсерге бөлеп жатыр.

 

 

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз